ШҚОПроисшествияТОП

ШҚО-да өрт сөндірушілер 4 өрт ошағын сөндірді

Шығыс Қазақстанда өткен тәулікте өрт сөндірушілермен 4 өрт ошағы сөндірілді және өрттен 2 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 мамырда 21 сағат 51 минутта облыс орталығының «Родничок» саяжай қоғамы аумағында құрылыстың ағаш қаңқасы өртенген. Өрт орнына дереу келген өрт сөндірушілер өртті сөндіру барысында орын-жайдан 2 газ баллонды шығарды. 30 шаршы метрді ораған өрт толықтай сөндірілді. Отты дұрыс пайдаланбау өрт шығуына себепкер болды. Дәл осындай себептер бойынша 24 мамырда 14 сағат 39 минутта Семей қаласындағы жер үйде өрт болды. Өрт сөндірушілер 5 шаршы метрдегі өртті сөндірді. Шаруашылық құрылысының ағаш қаңқасынан басталған өрт 25 шаршы метрді құрайтын ағаш бағаналарға ұштасқан.

Алтай ауданындағы демалыс базаларының бірінде бір қабатты үйдің шатыры өртенді. Үйде жұмысшылар тұрған және өртті өздігімен сөндіру барысында жұмысшылардың бірі 1-ші дәрежедегі күйік алды. Масаң күйде отты дұрыс пайдаланбау өрттің шығуына себеп болды. Өрт сөндірушілермен 2 шаршы метрдегі өрт сөндірілді.

Көкпекті ауданында, Теректі ауылының сыртындағы шаруа қожалықтың шаруашылық құрылысының ағаш қаңқасы өртенген. Өрт сөндірушілер өртпен күресіп, 190 шаршы метрге жайылған өртті сөндірді. Сонымен қатар былтырғы жылғы 4 тоннадағы шөп өртенді. Өрт шығуының себебі – ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда және жөндеуде өрт қауіпсіздігін сақтамау.

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстанда отқа ұқыпсыз қарау салдарынан 169 өрт орын алған.

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

 

Semey News

 

 

Осы айдарда

Back to top button