Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде базар көшелерін ретке келтіру жұмыстары жалғасуда

Ағымдағы жылдың жаз маусымында орталық базар маңын абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абаттандыру жұмыстары барысында Найманбаев, Чехов, Аймауытов көшесіндегі рұқсат етілмеген жердегі дүңгіршектерді сүру, металды конструкцияларды алу, сондай-ақ, асфальт төсеу, бордюрларды ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасына сәйкес, көше саудасымен айналысатын саудагерлерге жақын маңдағы базарлардан арнайы орындар берілді.
Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметкерлері күнделікті базар көшелеріндегі тротуарларды босату жұмыстары бойынша рейд жүргізуде.
Semeynews.kz