Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Прокуратура арнайы техниканы жүргізу куәліктерін заңсыз беруді тоқтатты

Облыс прокуратурасы 2023 жылы арнайы техника және өзге де ауыл шаруашылық машиналарын басқару кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында талдау жүргізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауыл шаруашылығы машиналарын басқару құқығына куәлік беру мемлекеттік қызмет болып табылады және оны жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы машиналарын басқару құқығы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдарға берілмеу керек.

Осыған қарамастан, ауыл шаруашылығы бөлімдерімен бұрын басқару құқығынан айырылған 13 адамға ауыл шаруашылық машиналарын басқару куәлігі берілді (Семей, Үржар және Жарма).

Прокурорлар 3 прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде заңсыз берілген куәліктер жарамсыз деп танылып, тәркіленді, 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button