ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Абай облысының әкімі қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Костенко шахтасындағы апат салдарынан кеншілердің қаза тапқаны туралы суық хабар қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғаны анық.

Абай облысының тұрғындары атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

Бұл орны толмас үлкен қайғы. Оқыста опат болған жандардың жақындарының қайғысына ортақпыз”, – делінген облыс әкімдігінің инстаграм парақшасында.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button