ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Костенко шақтасындағы апат: 28 кеншінің денесі табылды, 18 адам іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысындағы апат болған шахтада 18 адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский айтты, – деп хабарлайды Kazinform тілшісі оқиға орнынан.

«Дәл қазір біздің филиалдың бөлімшесі шахтадан шыға алмай қалған кеншілерді іздестіріп жатыр. Бізге енді 18 адамды табу керек. Қаза болған 28 шехтердің денесі анықталды. Оларды шахтадан шығару жұмыстары басталды. Сонымен қатар, жараланған 5 адамды құтқару мүмкін болды», – деді Г. Силинский Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Гена
Фото: Kazinform
арселлор миттал
Фото: Kazinform

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button