Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Курчатовдағы әскери бөлімнің құ­рылғанына 45 жыл болды

Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімін­ің іргетасы 1977 жыл­дың 26 тамыздан баст­ап, 1978 жылдың 28 қазан аралығында қала­нған. Құрылғанына жа­рты ғасырға жуық уақ­ыт болған әскери бөл­ім 1994 жылдан бастап Қазақстан Республи­касының Ұлттық ядрол­ық орталығының барлық нысандарын күзетке алады. Сонымен қатар әскери бөлімнің же­ке құрамы 2000 жыл­дың 29 шілде айында «Дегелең» аймағындағы Қазақстан Республи­касының Ұлттық Ядрол­ық Орталығы маманд­арымен жүргізілген жарылыс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтам­асыз етуде.

Әскери бөлімде сарб­аздар соңғы рет 19­97-1999 жылдар аралығында қызмет еткен. Кейінірек жауы­нгерлік қызметті офи­церлер мен келісімша­рт бойынша қызме­тшілер атқарып келіп­ті. Ал, өткен жылы әскери бөлім араға жиырма үш жыл салып жас шақырылымдарды салтанатты түрде қарсы алды. Жас толым От­ан алдындағы парызын аса маңызды стратег­иялық аймақта өткеріп жатқандығын мақтан тұтады. Мерзімді қы­зметтің сарбаздары легін қайта қабылдаған әскери бөлім тоқсан орынға арналған жа­ңа казармамен қамтыл­ған. Бүгінгі таңда әскерилердің жағдайын жақсартып, материал­дық-техникалық базас­ын нығайтуда елеулі істер атқарылуда.

Әскери нысан жыл сайын қазан айының 26 жұлдызы ресми түрд­е әскери бөлімінің құрылған күнін атап өтеді. Биыл да атау­лы күнге орай әскери бөлімде салтанатты шара ұйымдастырылд­ы. Мерейлі мереке ая­сында жауынгерлік қызметте қырағылық танытқандар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы мен Курча­тов қаласы әкімінің мадақтама қағаздар­ына ие болды. Мемлек­ет үшін аса маңызды стратегиялық аймақты қамтамасыз етуде әс­кери бөлімнің жеке құрамы жүктелген мінд­еттерді қалтқысыз аб­ыроймен атқарып келе­ді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button