«Маған қайтадан жаңа түстердегі әлем сыйлағаны үшін алғысым шексіз»,– деді МӘМС аясында ота жасалған науқас.
Абай облысында медициналық сақтандыру қорынан бөлінген қаражат есебінен медициналық көмек көрсететін бірқатар офтальмологиялық емханалар бар. Мамандардың кәсіби шеберлігі мен тиімділігінің арқасында облыс тұрғындары сапалы медициналық көмекті дер кезінде ала алады.
Соның бірі Семей қаласының тұрғынының көмек алуы. Ол өзінің тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, дәрігердің ұсынысымен «Astana Vision Семей» клиникасына қаралды, себебі науқастың оң көзінің көру аймағының ортасында қара «дақ» пайда болған.
«Көз емханасында диагноз қойылып, медициналық тексеруден өтті. Қарау кезінде сол көздің көру жітілігі 0,1 (бірінші қатар) болды. Диагноз: Сол көздің макулярлы тесігінің зақымдануы (700 мкм). Осының негізінде гемофтальм қаупіне және динамикалық бақылау қажеттілігіне байланысты науқасты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тәулік бойы жұмыс істейтін стационарға жатқызу туралы шешім қабылданды», – деді витреоретинальды хирург А.Ж.Құмарбеков.
Содан кейін науқасқа аз инвазивті операция жасалды, атап айтқанда субтотальды витрэктомия.
«Емдеуші дәрігердің айтуынша, операциядан кейін макулярлы тесік жабылған. Маған жаңа түстердегі әлем сыйлағаны үшін клиника ұжымына өте ризамын!» – деді пациент.
Айта кетсек, макулярлы тесік – бұл макула деп аталатын аймақтағы көз торының ақауы, ішкі шектеуші мембранадан фоторецепторлық қабаттың сыртқы сегментіне дейін тордың бүкіл қалыңдығы бойынша өтеді.
Макулярлы торлы тесіктерді емдеудің жалғыз әдісі – хирургия. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында бұл операцияны қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру есебінен тегін жасай алады. Бұл патология науқастың міндетті түрде ауруханада болуын талап ететінін қосқымыз келеді.
Semeynews.kz