Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Аягөзде төрт бала көміртегі тотығымен уланып қалды

Абай облысының Аягөз қаласында төрт бала көміртегі тотығымен уланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button