Әйелдер колониясының қызметкерлеріне медальдар мен құрмет грамоталары табыс етілді

Әйелдер колониясындағы мерекелік концерт
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлеріне медальдар мен құрмет грамоталары табыс етілді.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі қызмет барысында қол жеткізген табыстары үшін және заң бұзушылық жасап бас бостандығынан айырылған сотталғандермен көп жылдар бойы жұмыс жасаған қызметкерлерді белгілеп марапаттады.
Сонымен, «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен бақылаушылар қызмет бөлімінің наряд бастығы әділет старшинасы Самал Советханқызы Мейрамбаева марапатталды.
Сондай-ақ мереке қарсанында сотталған әйелдерды жұмыспен қамту бағытында мекемелермен бір жылдан астам қызметтес болған азамат пен азаматшылар да шет қалмады.
Сонымен, жеке кәсіпкер Әйгерим Серғазықызына Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нуртазинов Ерсаин Мухамедьярұлы «Сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» құрмет грамотасын табыс етті.
Сондай-ақ мекеме бастығы әділет подполковнигі Алтаев Жақсылық Саматұлы мекеменің басқа да қызметерлері мен жұмысшыларын еңбектегі жетістіктері үшін мақтау қағазадарымен және алғыс хаттарымен ынталандырып, марапаттады.
Мерекелік концерт қойылып, онда мекеме қызметкерлерінің өздері өнер көрсетіп, бақылау қызметі бөлімінің бақылаушылары Гульназ бен Нурай тамаша ұлттық би биледі.
Мереке соңында мекеме бастығы әділет подполковнигі Алтаев Жақсылық Саматұлы құттықтау сөз сөйлеп:
– Барша әріптестеріме, жерлестеріме әр шаңырақта береке, тыныштық болсын деп тілеймін. Тәуелсіз елімізге бақыт пен береке тілейміз! –деп өз тілегін білдірді.
Semeynews.kz