Абай облысыҚоғамТОП
Үржар ауданының Мақаншы ауылында жаңа баспаналардың кілттері табысталды

Республика күні қарсаңында Абай облысы Үржар ауданының Мақаншы ауылында жаңа тұрғын үйлердің кілттері табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында Республика күні мерекесі қарсаңында Үржар ауданынының Мақаншы ауылында 6 қос пәтерлі (12 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді.
Мерекелік шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Башимбаев қатысып, жаңа баспананың иелерін құттықтады. Шараға ауыл тұрғындары қатысты.
Semeynews.kz