Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Бородулиха ауданында бүгін 10 отбасы қоныс тойын тойлады

Бүгін Ұлттық мереке Республика күнінің қарсаңында Бородулиха ауданының орталығында жаңа үйлердің кілттері табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Бородулиха ауданының кезекте тұрған азаматтарына 10 пәтер берілді. Оның қатарында 2 көп балалы отбасы, 7 әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы, 1 зейнеткер бар.

«Еліміздің негізгі саяси бағыттарының бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету екені белгілі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бұл туралы үнемі айтып отырады. Әрбір тұрғын үйге мұқтаж азаматтың баспаналы болуына жағдай жасау мемлекетіміздің басты мақсаты. Қоныс тойын тойлап отырған жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймын, қуаныш пен бақыт, құт-береке тілеймін», – деді аудан әкімі Айдар Ибраев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button