Covid-19СемейТОП

Семейдің әкімі короновирустан вакцина алды

Семейдің әкімі Нұрымбет Сақтағанов әріптестерімен бірге «Hayat-Vax» вакцинасының бірінші компонентін алды, деп хабарлайды Semey News.

«Мамыр айының басынан бастап короновирус инфекциясымен сырқаттанған науқастар санының өсуі байқалатынын біз бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Вакцина – бұл вирустың таралуын азайтудың жалғыз әдісі», – деп көрсеткен әлеуметтік желіде қала әкімі.

Н.Сақтағановтың айтуынша, бүгінгі күні Семей қаласы бойынша «QazCovid-in», «Спутник V», «Hayat-Vax.» вакциналарының 1-ші және 2-ші компоненттерін 50 937 адам алған.

«Біз барлық қала тұрғындарын екпе алудан бас тартпауға, вакцина алуға шақырамыз», – деп қорытындылады әкім.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button