«Республика мақтаныштары»: Айым Қайратова

Өткен жылдың қараша айында Астанада «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығының базасында «Үздік студент-2022» республикалық байқауы өтті. Байқау Қазақстанның барлық облыстарынан көрнекті студенттерді біріктірді. Біздің жерлесіміз, Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің студенті Айым Қайратова өз облысын абыроймен таныстырып қана қоймай, үздік студент атағын жеңіп алғандардың бірі болды. Ол бүгінде аталған колледжде «Бухгалтерия» мамандығы бойынша білім алуды жалғастыруда.
««Жылдың үздік студенті» байқауы 2022 жылдың 26 қарашасында Астанадағы Министрліктер үйінде өтті. Наградтауға «Білім өркениеті» жобасының жетекшісі және Министрлер қатысып, бізге наградалар табыс етті. Байқауда мен Дипломмен және «Ең үздік студент» төсбелгісімен марапатталдым», – дейді Айым Қайратова.
Айта кетейік, бұл Айым Қайратованың жалғыз жетістігі емес. Биылғы жылы студент жастар арасында мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекеттік. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын насихаттау мақсатында өткізілген «Жаңа Қазақстан: жастар саясатының үздігі» республикалық байқауының І дәрежелі дипломына ие болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Айым «Қазақстан Республикасының Топ 100 студенті» байқауына қатысып, құрметті екінші орынға ие болып, тиісті диплом алды. Сонымен қатар, Айым Қайратова «Жастар саясатының үздік көшбасшысы» төсбелгісінің иегері.
Semeynews.kz