Абай облысында Республика күніне орай қазақша QWIZ өтті

Бүгін «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің «Пікірталас қозғалысын дамыту» жобасы аясында Республика күніне арналған зияткерлік QWIZ ойыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Квизға барлығы 34 команда өтінім білдіріп, 21 команда іріктеліп алынды. Сондай-ақ, Өскемен қаласынан арнайы екі команда қатысып, бақтарын сынады.
Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев ойынға қатысушыларды алдағы ұлттық мерекемен құттықтап, оның маңыздылығына тоқталды.
— Біз санаулы күннен кейін ұлттық мерекеміз — Республика күнін атап өтеміз. Ширек ғасырдан астам уақытта еліміз бірқатар жетістіктерге жетті. Оған бүгінгі ұрпақта өзінің айтарлықтай үлестерін қосуда. Сіздер бос уақыттарыңызды осындай пайдалы дүниеге жұмсағандарыңыз, бізді қуантады. Зияткер жастарымыздың қатары арта берсін, — деді Айдар Садырбаев.
Ойын нәтижесі бойынша І орын – Ұландары 9 корпустың (Өскемен), ІІ орын – Бұқар жырау (Өскемен), ІІІ орын – Натуральный жабайы (Семей) командасы иеленді.
Semeynews.kz