Абай облысының Үржар ауданында 60 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

Үржар ауданының Науалы ауылында үй кезегінде әлеуметтік жағынан осал топ ретінде тұрған азаматтарға төрт пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сондай-ақ, жақын арада Үржар ауданының Ақжар ауылында 22 екі пәтерлі тұрғын үй (44 пәтер), Науалы ауылында 2 екі пәтерлі тұрғын үй (4 пәтер), Мақаншы ауылында 6 тұрғын үй (12 пәтер) пайдалануға беріледі.
Бүгінде Үржар ауданында баспана кезегінде 1205 адам тұр.
Анықтама үшін: «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында және мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданында 2020-2022 жылдар аралығында 136 пәтер салынды. Баспана заңға сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалға берілді.
Semeynews.kz