Абай облысыҚоғамМәдениетМерекеСемейТОП

Семейде кітапханашылар күні аталып өтті

Бүгін Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашылар күніне арналған Bibliopaty мерекелік шарасы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып,  кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтап, бірқатар кітапханашыларды марапаттады.

“Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өйткені, өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа да ғылым кереметтері осы кітапхана қорынан табылады. Сіздерге зор денсаулық, кәсіби шеберлік пен парасаттылық, руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін”, – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, облыс бойынша 137 кітапхана, оның 15 Семейде. Кітап қоры Абай облысы бойынша 2387312, оның ішінде қалада 790554. Облыс бойынша қызметкерлер саны 307 , оның ішінде Семейде 117.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button