Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде мектепте электр бөлмесінде өрт шығуына байланысты сабақ тоқтатылды

Бүгін, таңертеңгі сағат 09:08-де Семей қаласындағы №40 мектепте жертөледегі электр бөлмесінде өрт шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар түскеннен кейін бес минутта, сағат 09:15-те жетті.

Үш қабатты мектеп ғимаратының жертөлесінде 0,2 шаршы метрді құрайтын трансформатордан өрт шықты.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті мен кәсібилігінің арқасында өрт 09:27 минутта оқшауланып, 09:41 минутта сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 371 оқушы, 45 мектеп қызметкері қауіпсіз жерге шығарылды.

Оқиғаға байланысты бірінші және екінші ауысымдағы оқушылардың сабақтары тоқтатылып, қашықтан оқу форматына ауысты. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button