
Аталмыш іс-шара Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында болды. Әр түрлі жастағы балалар өз бақтарын сынап өнер көрсетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жас спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылып, татамиде қыздар және ұлдар командасына бөлінді. Жас ерекшеліктері 3 жастан 16 жасқа дейін.
«Бүгін Семей қаласында киокушинкай каратэден Республика күніне орай қалалық чемпионат өтіп жатыр. Бұл чемпионат Аренада өтетін Республикалық сайысқа іріктеу кезеңі болып табылады» – деді, Абай облысы бойынша Киокушинкай карате директоры Гүлнар Советовна.
«Чемпионат өте жоғары деңгейде өтіп жатыр, 300-ден астам спортшы қатысуда. Алдағы уақытта бүгінгі іріктеуден өтіп, Республикалық чемпионатқа қатысатын балаларға сәттілік тілеймін!»-деді, Жагирхан Сатыбалды.
Іріктеу кезеңінде бақ сынаған спортшылардың үздіктері анықталып, арнайы марапаттау қағаздары мен медальдар табысталды.
Татамида өнер көрсеткен спортшыларды қолдау мақсатында марапаттау салтанаты шағын концертік бағдарламамен аяқталды.
Semeynews.kz