Абай облысыБілімҚоғамСемейТОП

«Республика мақтаныштары»: Жасқайрат Наубетов

Биылғы жылдың сәуір айында Ақмола облысы Щучинск қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты VI Республикалық Жас педагогтар байқауы өтті. Байқауға қатысушыларға үш тапсырма ұсынылды: эссе жазу, кәсіби тәжірибелерімен бөлісу және ашық сабақ өткізу. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 60-қа жуық жас мұғалім қатысты. Ауқымды байқауға қатысушылардың бірі біздің жерлесіміз, беделді байқауда бірінші орын алған семейлік Жасқайрат Наубетов болды.

«Бастапқыда мен байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, кейін жеңімпаздар қатарында болып, республикалық кезеңге шықтым. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 60-қа жуық педагог қатысты, қазылар алқасына өз эсселерін ұсынып, өзімізді таныстырып, ашық сабақ өткізу қажет болды. Қазылар алқасы қатысушыларды оқыту әдістемесі және басқа критерилер бойынша бағалады. Мен бірінші орынды иелендім, бұл өте құнды», – дейді Жасқайрат.

Жасқайрат Наубетов өзінің кәсіби қызметін 2020 жылы Білім-Инновация лицейінде физика пәнінің мұғалімі болып және аталған лицейде төртінші жыл жұмысын жалғастыруда. Жасқайрат бала кезінен бастап оқытушылық қызметті армандады және қазір жас ұрпаққа қызықты сабақ бере отырып, өз арманын жүзеге асыруда.

«Мен бала күнімде, өзім оқушы болған кезде педагогиканы таңдадым. Мен мұғалімдердің жұмысын көрдім және болашақта солар сияқты сабақ бергім келді. Бүгінгі таңда менің жұмыс өтілім төрт жыл. Мен жұмыста ерекше қиындықтарды көрмеймін, өйткені маған жұмыс өте ұнайды. Мен өзім физиканы жақсы көремін, мұғалімдер арасындағы олимпиадаларға қатысқанды ұнатамын, ең бастысы өз білімімді балалармен бөлісіп, түрлі іс-шаралар өткізгенді ұнатамын. Білімді оқушылар мұғалім үшін басты марапат деп санаймын», – деп қорытындылады Жасқайрат Наубетов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button