Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде 50 жас көшет отырғызылды

Республика күні қарсаңында Семей қаласының жастар ресурстық орталығы мен қаламыздың белсенді жастары “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат” акциясы аясында Қарағайлы ықшам ауданында 50 жас көшет отырғызды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Аталмыш іс- шара Республика күніне орай жастарды табиғатты аялауға, құрметтеуге шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Осындай іс-шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға, сондай-ақ экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Семей қаласының әкімдігі ағымдағы жылы 25 қазан – Республика күніне орай 200-ден астам іс-шараларды ұйымдастырылды. Алдағы аптада негізгі мерекелік шаралар өткізіледі.
Semeynews.kz