Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

«ӘМСҚ» КЕАҚ Абай облыстық филиалының басшысы Үржар ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

19 қазанда «ӘМСҚ» КЕАҚ облыстық филиалының басшысы Үржар ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шараға Үржар ауданы әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков, Абай облысының ДСБ басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова және Көпсалалы орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Баубек Әбілқасымов қатысты.

Кездесу барасында Ғалымжан Әбілов халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесіне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Атап айтқанда, Үржар ауданында 13 мыңнан астам адам жүйеден тыс қалады, оның ішінде Мақаншы да бар, онда адамдардың саны 8 мыңнан асады. Сонымен қатар, бұрын Көпсалалы орталық аудандық ауруханада сақтандырылған мәртебеге ие болған 650-ге жуық адам қандай да бір себептермен жүйеден шығарылған. Олар тұрақты жұмыс орнынан айырылып қалған немесе жарналарды өз бетінше төлемеген.

Қаржыландыруға келетін болсақ, 8 ай ішінде Көпсалалы орталық аудандық ауруханада медициналық қызмет көрсетуге 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекет 11 млн-нан астам адам үшін жарна төлейді, оның ішінде Абай облысында – 350 мыңға жуық адам.
Сонымен қатар, Қордың филиалы халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және пациенттердің құқықтарын қорғауда белсенді жұмыс атқаруда.

«9 айдың қорытындысы бойынша Қордың филиалына 26 952 өтініш келіп түсті, оның ішінде 25 мыңнан астамы консультативтік сипатта, ал 800-ге жуығы Абай облысының медициналық ұйымдарына келіп түскен. Мысалы, 2023 жылдың 9 айында Үржар ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасына 33 өтініш, 13 консультация, 20 шағым түсті. Қор мамандары шағым, сұрақ пен ұсыныстарды өңдей отырып, халыққа білікті ақпараттық және консультациялық қолдау көрсететінін атап өтемін», – деп қорытындылады филиал басшысы.

Өз кезегінде Абай облысынның ДСБ басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова 9 ай ішінде атқарылған жұмыс туралы есеп берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button