Абай облысыҚоғамСемейТОП

«Республика мақтаныштары»: Берікбол Жұмабеков

Сәуір айында Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған кадеттер мен жастар арасында дзюдодан Азия Кубогы өтті, онда Қазақстан құрамалары түрлі жас санаттарында турнирде медальдар саны бойынша бірінші орынды иеленді. Ауқымды жарыстың күміс жүлдегерлерінің бірі жерлесіміз Берікбол Жұмабеков болды. Оның айтуынша, осындай маңызды турнир медалін жеңіп алу-әрбір бастаушы спортшы үшін үлкен мәртебе.

«Жарыстардағы бәсекелестік өте күшті. Азия Кубогында біздің басты бәсекелестеріміз Өзбекстан өкілдері болды. Дегенмен, біздің жігіттер жақсы нәтиже көрсетті», – дейді спортшы.

Азия Кубогында сәтті өнер көрсеткеннен кейін, Берікбол Еуропа Кубогын бағындыру үшін Грузияға аттанды, онда ол тұғырға шығып, жүлделі орынды иеленді.

«Еуропа Кубогында да бәсекелестік жоғары болды, бірақ соған қарамастан қарсыластарды жеңе алдым. Мен грузин спортшыларын ең күшті бәсекелестер деп санаймын», – дейді Берікбол.

Мансап басталғаннан бері жас спортшы көптеген марапаттар мен медальдарға ие болды, ең бастысы – дзюдодан спорт шеберіне үміткер атағы. Берікбол сонымен қатар дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Загреб қаласы (Хорватия) және Халықаралық дзюдо фестивалінің жеңімпазы. Спортшының сәтті өнер көрсетуінің басты құпияларының бірі – жарыстарға тер төгіп, табандылыпен дайындалу.

«Жарысқа дайындық үнемі және мұқият өткізіліп тұрады, біздің жиындар әдетте әртүрлі қалаларда өтеді. Мұның бәрі жарыста жақсы нәтижеге жету үшін жасалады», – дейді Берікбол.

Қазіргі уақытта спортшы Теміртау қаласындағы жиында, ол 16 қарашада өтетін Азия Чемпионатына дайындалуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button