Абай облысыҚоғамТОП

Спорт маған көп көмектесті – Семей қаласының өрт сөндірушісі өз қызметі мен отбасы туралы айтты

«Республика мақтаныштары» айдарында Semeynews.kz сайты ағымдағы жылдың қаңтар айында 4 жасар баланы құтқарған Семей қаласының өрт сөндірушісі Ермек Ысқақовтың қызметі мен отбасы туралы айтып береді.

Ермек Ысқақов 1998 жылы қазіргі Абай облысының Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Өртке қарсы қызметте 2019 жылдан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын Жарма ауданы Әуезов кентінің 22 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушы-өрт сөндірушісі лауазымынан бастады. Кейін бөлімше командирі лауазымында қызмет атқарды, 2021 жылдан бастап Семей өрт сөндіру бөліміне ауыстырылды. Қазір Е.Ысқақов бөлімше командирі.

«Мен үйленгенмін, жақында қызым дүниеге келді. Демалыс күндері мен отбасыммен өткізгенді ұнатамын. Біз менің ата-анаммен бірге тұрамыз. Бос уақытында спортпен шұғылданамын. Бала кезімнен бокс секциясына қатыстым. Көптеген облыстық және республикалық жарыстарға қатыстым. Спорт маған көп көмектесті, өйткені өрт сөндіруші мамандығы физикалық жағынан да, моральдық жағынан да оңай емес», – дейді Е.Ысқақов.

Айта кетейік, Е.Ысқақов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Осы жылдың қаңтарында ол 4 жасар баланы жанып жатқан пәтерден шығарды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button