Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында құтқару қызметінің техникалары жаңартылмақ

Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатовтың қатысуымен баспасөз маслихаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құтқару бөлімшелерінің міндеттері мен дайындықтары, сондай-ақ, қызметтің статистикалық деректері талқыланды.

Манарбек Шапағатов өңірдің құтқарушылары жыл сайын 500-ден астам адамға дер кезінде көмек бере отырып, кез келген міндеттерді орындауға, табиғи және техногендік апаттардың сын-қатерлеріне қарсы тұруға дайын екенін атап өтті.

– Ағымдағы жылдың 9 айының қортындысы бойынша стратегиялық және операциялық жоспарларды іске асыруға, Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімдері мен тапсырмаларынан туындайтын іс-шараларды өткізуге баса назар аударылды. Күн сайын 103 қызметкер мен 40 техника жауынкерлік есепте сап түзейді. Сондай-ақ, мекеме бөлімшелерінде 105 өрт техникасы бар. Арнайы техника паркі жыл сайын жаңа заманауи техникалық құрал-жабдықтармен толықтырылып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жаңаруда, – деді департамент басшысы.

Бүгінде Абай облысының құтқарушылар құрылымында өрт сөндірушілерді, сүңгуірлерді, дәрігерлер мен кинологтарды қоса алғанда 1020 қызметкер қызмет етеді. Бір жылда құтқарушылар 2500-ге жуық шақырту алады.

Департамент басшысының айтуынша, құтқарушылардың басты жұмысы жедел әрекет ету мен төтенше жағдайлардың алдын алуында. Бұған инновациялық технологиялар септігін тигізбек.

– Уақыт бір орында тұрмайды, аталмыш салаға да инновациялық тәсілдер мен әдістерді енгізу қажет. Пилотсыз ұшатын аппараттар күнделікті өмірде тек бейнетүсірілім жүргізу үшін ғана емес, әуе жүйесі ретінде еліміздің барлық өңірлік құтқару бөлімшелерінде қолданылуда, – деп қортындылады Манарбек Шапағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button