Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Беген ауылында шағын футбол алаңы ашылды

Бесқарағай ауданы Беген ауылында жаңа шағын футбол алаңының салтанатты ашылуы ұйымдастырылып, жас спортшыларға арнайы жабдықтар сыйға тартылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шара барысында шағын футболдан турнир өтіп, ауданның жас ойыншылары өздерінің шеберліктерін көрсетті.

Айта кетсек, жақын арада Долон ауылдық округінде жаңа футбол алаңының құрылысы аяқталады. Алаңның ресми ашылуы 29 қазанға жоспарланған.

Сондай-ақ, Бесқарағай ауданында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданның 9 елді мекенінде ауылдық клубты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Беген, Глуховка ауылында жаңадан ауылдық клуб салу жоспарланған.

Анықтама үшін: Бесқарағай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, спорт залы, футбол, воркаут алаңдарын қосқанда жалпы 35 спорт нысан бар. 2024 жылы ауылда жүзу бассейн ғимаратының құрылысы басталады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button