Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қаласында жылу жоқ дегенге қатысты ақпарат

Биылғы жылы Семей қаласында жылу маусымы белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

10 қазанда әлеуметтік нысандарға жылу беру басталды. Яғни, жылу ең алдымен бала бақшаларға, мектептерге, ауруханаларға және басқа да әлеуметтік нысандарға, сонымен қатар облыс орталығының оң жағалауындағы тұрғын үйлерге тұрақты түрде берілді.

Ал, 15 қазан күні барлық жылу көздері толығымен іске қосылды. Тұрғын үйлерге белгіленген кестеге сәйкес жылу кезең-кезеңімер берілді. Сондай-ақ, қазандықтарды және магистральдық құбырларды жылыту, тұрғын үйлердің басқарушы органдарының (КСК, ПӘК) жылуды қабылдауға алғышарттары жасалды. Бүгінде Абай облысының орталығы Семей қаласында жағдай тұрақты. Қазіргі таңда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тегіс жылуға қосылды. Барлық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Айта кету керек, жылу беру жүйесіне қосылу – бұл нақты алгоритімді қажет ететін күрделі технологиялық процес. Қысымның төмендеуін ескере отырып, тұрғын үйлерді жылуға қосу біртіндеп жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, тұрғын үйдің басқарушы органдары (ПӘК, ОСИ) орталық жылу құбырындағы жылуды қабылдауда тиісті жұмыстарды жүргізуі қажет. Бұл да пәтерлерге жылудың жетуіне дейін біршама уақытты талап ететінін ескеру қажет.

Ағымдағы жылы Семей қаласындағы 9 участокта жалпы ұзындығы 45 км болатын жылу құбырлары жаңадан ауыстырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жылу құбырларындағы апаттылық 15%-ға дейін төмендейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button