Абай облысыДенсаулықҚоғамСемейТОП

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылдың тоғыз айдағы жұмысқа қорытынды жасады

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев өңіріміздің басты ақпарат алаңында медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту үшін елеулі жұмыс жүргізіліп жатқандығын және басқарманың алдағы жоспарымен бөлісті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

– Біз саламыздың басты мәселелерін пысықтау үшін біз алқа жиынынан үйлестіру кеңестерін өткізу форматына көштік. Бұл медициналық көмек көрсету мәселелерін нақты талдауға мүмкіндік береді, – деп сенім білдірді Марат Сандыбаев.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыстық медицина саласының 15 қызметкері Израильде терапия, проктология, жамбас хирургиясы және басқа да бағыттары бойынша арнайы оқудан өткен. Сондай-ақ, перинаталдық орталықтың 12 маманы Санкт-Петербург қаласына барып, заманауи акушерлік салаға қатысты тәжірибе алмасты.

– Биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға стоматологиялық көмек көрсету мәселесін шешу мақсатында қазір қолданысқа севоран анестезиясын енгіздік. Кезек тәртібі де реттелді. Осыған орай “White Dent” стоматологиялық клиникасы ата-аналардың өзі бақылай алатын жүйе қабылдады, – деп толықтырды басқарма басшысы.

Балаларға арналған МРТ аппаратын сатып алу – үлкен жетістіктердің бірі. Енді облыс аумағындағы бір жасқа толған балаларды басқа қалаларға апарудың қажеті жоқ. Осылайша, МРТ мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Облыста жастарға арналған 10 денсаулық кабинеті жұмыс істейді.Онда жастар психолог, акушер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог пен әлеуметтік қызметкерлерден тегін кеңес ала алады.
– Өңірімізде тіркелген бір тұрғынға жедел медициналық жәрдем үшін қолданыстағы базалық тариф 305,73-ке дейін ұлғайтылды. Бұдан бөлек, муковисцидоз, буллезді эпидермолиз және орфандық аурулары бар балалар мен ересектер жергілікті бюджет қаражатынан дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар ала алатынын атап өткен жөн, – деді Марат Сандыбаев.

Кешенді дамытудың жоспары аясында облыста бірнеше денсаулық сақтау мекемелерін салу жоспарлануда. Жоба шеңберінде Семейде қан орталығы, 400 орынды көпсалалы аурухана және 300 орынды балаларға арналған медициналық нысан салынбақ. Айта кетелік, алдағы уақытта істен шығып тұрған перинаталдық орталық жаңғыртылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button