«ӘМСҚ» КЕАҚ Абай облысы филиалының басшысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында есептік кездесу өткізді

Ғалымжан Әбілов Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ғалымжан Әбілов Мақаншы ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесіп, бірқатар проблемалық мәселелерді тыңдады. Мәселен, 2023 жылдың 9 айының қорытындысында Үржар ауданы бойынша МӘМС жүйесінде 13 мыңнан астам адам сақтандырылмаған күйінде қалып отыр, оның ішінде Мақаншы а/о бойынша 8 мыңнан астам адам.
«Алдыңғы есептік кездесу сәтінен бастап сақтандырылмағандар санының қысқаруы жоқ. Бұл мәселе Қор үшін ғана емес, жергілікті атқарушы органдар үшін де басым болуы тиіс. Бұл ретте бұрын сақтандыру мәртебесіне ие болған 300-ге жуық адам қандай да бір себептермен жүйеден шығып кетті. Олар тұрақты жұмыс орнынан айырылды немесе жарналарды өз бетінше төлемеді», – деді филиал басшысы.
Үржар ауданында облыстық филиалдың деректері бойынша 8 айда 5 млрд теңгеден астам медициналық қызметтер қаржыландырылды. Сондай-ақ, МӘМС жүйесі жылжымалы медициналық кешендердің (ЖМК) жұмысы есебінен шалғайдағы елді мекендерде қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік берді. Мысалы, 9 айда ЖМК тек Мақаншы бойынша 8 мыңнан астам адамды қамтыды, бұл 2022 жылдың осы кезеңінде 2 есе көп. ЖМК жұмысының арқасында 89 науқасты анықтап, уақтылы тексеру мен емдеуді тағайындады.
Сондай-ақ, Ғалымжан Әбілов Қор филиалы жұмысының басты бағыттарының бірі – халықпен кері байланыс және пациенттердің құқықтарын қорғау екенін атап өтті.
«9 айлық жұмыс қорытындысы бойынша Қор филиалына 26 952 өтініш келіп түсті, оның ішінде 25 мыңнан астамы консультативтік сипатта. Үржар аудандық ауруханасы бойынша 13 өтініш, 11 консультация, 2 шағым түсті. Барлық өтініштер уақтылы, жан – жақты қаралды, қойылған сұрақтарға толық жауаптарды қамтиды», – деп толықтырды облыстық филиал директоры.
Кездесу барысында ауылдық округтың әкімінің орынбасары Қуаныш Есенов, Абай облысының ДСБ басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова және Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Лаура Тұрарованың баяндамалары тыңдалды.
Semeynews.kz