КриминалСемейТОП

Семей қаласының тұрғыны жылыжайда қарасора өсірген

семейде үйінде қарасора өсірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Семей қаласы ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, қаладағы үйлердің бірінің маңынан «есірткі құралдарын заңсыз сақтау» күдігімен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Оны тінту барысында үйінің алдынан ескі терезелерден жасалған, полиэтилен пакетімен оралған жылыжай табылды. Жылыжай ішінен өсіп тұрған жасыл түсті, арнайы иісі бар барлығы 8 түп өсімдік табылып, тәркіленді.
Ары қарайғы тінту барысында, теледидар астындағы тартпадан, жасыл түсті өсімдік тектес полимерлі түйіншекке оралған зат табылды.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат – салмағы 6,40 гр. құрайтын кептірілген марихуана есірткі заты болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button