Заңсыз діни кітаптарды сатуға тыйым салынады

Абай облысы Семей қаласы ішкі саясат бөлімі заңсыз діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға белгіленген талаптарды бұзу әкімшілік жауапқа тартылатыны туралы ескертеді.
ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес Миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы – Қазақстан Республикасының азаматтарына жүз айлық есептiк көрсеткiш (345 000 тг.) мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жүз айлық есептiк көрсеткiш (345 000 тг.) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер осындай фактілер анықталған жағдайда дереу 102 хабарлау қажет. Немесе Семей қаласының ішкі саясат бөліміне хабарласу қажет: 8-7222-35-39-44.
Semeynews.kz