Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Абай облысының әкімі тұрғындарды рухани келісім күнімен құттықтады

Өңір басшысының құттықтауы ресми жеделхат арнасында орналастырылған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Құрметті жерлестер!

Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Рухани келісім күні ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін, діндер мен дәстүрлердің әртүрлілігінің маңыздылығын еске салатын маңызды мереке!

Әртүрлі мәдениет адамдары арасында сенім мен келісім, бір-біріне деген сыйластық әрқашанда біздің қоғамымыздың маңызды құндылықтары. Осы орайда, еліміздегі барлық конфессиялар және этностар арасында орныққан толеранттылық, әділдік және бейбітшілік рухы – қазақстандықтардың болашаққа зор үмітпен қарауының негізі болады.

⚡️Біздің облыста да мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын, жастарды адамгершілік тәрбиелеуге күш салатын 7 конфессияны білдіретін 170-тен астам діни бірлестіктер тіркеліп, жұмыс атқаруда. Олардың барлығы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жатыр.

Осы жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, жақсылық және амандық тілеймін! Елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын.

Құрметпен,
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев”

Осы айдарда

Back to top button