Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде терроризмге қарсы жаттығулар өтеді

2023 жылдың 17 қазанында Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады.

Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.

Осы айдарда

Back to top button