Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОП

Абай облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

Абай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағы Ақсуат ауданындағы Зайсан көлінің аумағында рейдтік іс-шара жүргізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Нәтижесінде көлдің тыйым салынған аумағында тиісті құжаттарсыз қолдануға рұқсат етілмеген тормен заңсыз балық аулаған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды.

Аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК 335-бабы 1-тармағының 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде шығын мөлшері 577 478 теңгені құрады. Қылмыстық іс материалдары сот органдарына жіберілді.

Айта кетсек, балық аулау және аң аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтау үшін облыстың барлық аумағында тұрақты рейд пен патрульдік іс-шаралар өткізіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button