ҚазақстанҚоғамТОП

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады

17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, – деп хабарлайды Semeynews.kz Кazinform-ға сілтеме жасап.

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының 9-15 қазан аралығындағы жұмыс аптасына видеошолу жарияланған болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button