«Тарих беттерінде»
2021 жылғы 21 мамырда физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің Семей қаласындағы филиалының 9-сынып оқушыларымен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинеринг университетінің ІІ және ІІІ курс студенттері «Тарих беттерінде» викторинасын өткізді, деп хабарлайды Semey News.

Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған викторина «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығы және қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының бастамасымен, студенттердің «Болашақ мұғалім» республикалық жобасына қатысуы аясында өткізілді. Студенттер, Бағытжанов Абыл, Таганова Умида, Утегенов Багдаулет, Құрметбек Арайлым, Арзенов Қажымухан, Жұмаханова Мәдина, Еламанов Біржан – қазақ тілі, математика, география және ағылшын тілдерінің болашақ мұғалімдері аталған іс-шараға бір апта ғана дайындалған жоқ. Естеріңізге сала кетсек, жобаға алғашқы ондыққа кіретін отандық университеттер қатысады, онда «Әлем мұғалімі» Жаһандық сыйлығына номинант 10 студент өз кураторларымен және тәлімгергерлерімен қатысады. Біздің студенттердің тәлімгері ҚР БМ «Үздік педагог 2018» атағының иегері, Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі А.С.Жұмабаеков, ал университеттен кураторы А.М.Күлбаева.

«Негізгі мақсаты жас мамандардың педагогикалық қалыптасуына кәсіби білім беру және қолдау. Жас студенттер тобы – болашақ мұғалімдердің тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру дағдыларын дамытады; табысты оқушыны дамытуға бағытталған педагогика және психология, оқыту мен білім берудің жаңа тәсілдері бойынша терең білім алады; өзінің педагогикалық қызметіне қатысты алғашқы әдістемелік қор жинай алады. Global Student Prize байқауында студенттер біздің мемлекетімізді лайықты көрсете алатынына сенімдімін», – деп атап өтті Асхат Советханұлы Жұмабеков.
«Іс-шара Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында ZOOM-ROOM кабинетінің ZOOM платформасы арқылы өтті», – деді кураторы Күлбаева Әсем Мұхитқызы.
Іс-шара қазақ тілінде жүргізілді және бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезекте студенттер Ұлы Отан соғысының негізгі кезеңдері және батырлары туралы әңгімелерімен бөлісті, топтық жұмыс ұйымдастырылды, онда оқушылар проблемалы сұрақтарға жауап берді және өз жауаптарын ұсынды, ең соңында үш топқа викторина өткізілді. 9-сынып оқушылары белсенділік танытып, қойылған сұрақтардың барлығына көлемді жауап берді және пікір-таластырды. Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылар алға шықты, алғыстарын білдірді және студенттерге сәттілік тілеп алда жаңа кездесулер мен жаңа сабақтар күтетіндерін жеткізді.
Іс-шара жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды, университет басшылығы ұйымдастыру мәселелеріне толықтай қолдау көрсетті. Іс-шара нәтижесі бойынша студенттер алға қойған мақсаттарына толықтай қол жеткізді және өздерінің болашақ мұғалімдік кәсіптеріне қажетті шеберліктерін, қабілеттіліктерін көрсете білді.
Semey News