Абай облысыҚоғамСемейТОП

Жетісу жастары Абай елінде

Республика күніне орай Абай және Жетісу облыстарының Ассамблея жастарының қатысуымен
«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты тал отырғызу акциясы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жоба шеңберінде Абай және Жетісу облыстарының Достық үйі қызметкерлерімен «Ассамблея жастары» бірлесіп, Бейбітшілік аралына 200 түп қарағай көшеттері мен достық ағаштарын отырғызды.

  • Бүгінгі ағаш көшеттерін отырғызу арқылы орман қорын көбейтуге өз үлесімізді қосу және Мемлекет басшысының елімізді жасыл желекке айналдыру тапсырмасын орындау.
    Біз жаңадан құрылған Абай облысының дамып, экологиялық таза қала болуы үшін ағаш көшеттерін отырғыздық. Осында игілікті шара арқылы жастар арасында қоғамдық келісімді нығайтып, еліміздің көрікті, таза болуына ықпал ету,-дейді Жетісу облысындағы “Қоғамдық келісім” КММ директоры Руфия Қасымқызы.

Шараға қатысушы жастардың басты мақсаты – қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірлікті нығайту арқылы елімізді көрікті ету.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі көгалдандыру ісіне ерекше көңіл бөліп, орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырған болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button