Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде жылу желілері жөнделген аумақтар қалпына келтірілуде
Қазіргі таңда Семейде жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін шұңқырларды жабу, тегістеу және жол төсемдерін қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Айта кетсек, жылу желілерін жөндеу кезінде уақытша қазылған аумақтар келісімшартқа сәйкес мердігер компаниялардың есебінен қалпына келтірілетін болады.
Сондай-ақ, Әуезов даңғылының бойындағы кеңістік және жол бөлігі толық бұрынғы қалпына келтіріледі. Бүгінде бүлінген бордюрларды алу, орнына жаңасын орнату жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, жолға асфальт төселіп, көше шамдары орнатылады. Жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Semeynews.kz