Семей қаласының әкімі Айнабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті
Кеше қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов халықпен кездесуін Айнабұлақ ауылынан бастады. Ауыл мектебінің ғимаратында тұрғындарды жеке қабылдап, ауыл әкіміне тиісті тапсырмаларды берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Биыл қалалық бюджеттен Айнабұлақ ауылына 66 млн 669 мың теңге бөлінді.
– Ағымдағы жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында Айнабұлақ ауылында жалпы сомасы 17 545 000 теңге футбол алаңын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
– Сондай-ақ, Самай ауылында балалар ойын алаңын салуға қалалық бюджеттен 4 900 000 теңге бөлінді. Шарт «Еңбек Өскемен» мердігерлік ұйымымен жасалып, құрылыс жұмыстары аяқталды.
– Округтегі өзекті мәселелердің бірі – сапалы интернет жылдамдығының болмауында. Осы мақсатта қалалық бюджеттен 4 млн. 200 мың теңге бөлініп, наурыз айында Айнабұлақ әкімдік нысанында спутниктік интернет қосылды.
– Сондай-ақ, Айнабұлақ пен Самай ауылдарына көше жарықтандыруларын орнату мақсатында жер учаскесін дайындауға жобалау (ПИР) жұмыстарына 1 млн. 200 мың теңге қарастырылып, арнайы құжаттама әзірленуде.
Semeynews.kz