Абай облысыҚоғамСемейТОП

Ақбұлақ ауылында ангар типті спорт кешені ашылды

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Айнабұлақ ауылынан кейін Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Қала әкімі тұрғындардың ұсыныс шағымын тыңдап, барлығы кезең кезеңімен жүзеге асатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Ақбұлақ ауылында ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жыл сайын кезең-кезеңімен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Биыл көше жарықтандыру желісін орнату үшін жер учаскесін ресімдеу жөніндегі құжаттар дайындалу үстінде. Мемлекеттік актіні тіркеу жұмыстары аяқталуға жақын, тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 2024 жылы ауыл ішіне жарықтандыру желілері жүргізіледі”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Ағымдағы жылы  Ақбұлақ ауылында “Еңбек-Семей” мердігер ұйымы 65 млн. 480  мың теңгеге ангарлық спорт залдың құрылыс жұмыстарын жүргізді. Қала әкімі спорт кешенінің ашылу салтанатына да қатысты.

Нұрбол Нұрсағатов өз сөзінде, шағын ауылдарды дамыту Семей қаласы әкімдігінің басты назарында екенін атап өтті.

Айта кетейік, Ақбұлақ ауылында көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ең өзекті мәселе –  таза ауыз су. Қазіргі таңда су құбырларын жүргізу жұмыстарына Республикалық бюджет есебінен 482 млн 783 мың теңге қаражат бөлініп, «СпецСтрой груп ЛТД» мердігер ұйымы жалпы ұзындығы 10 шақырым су құбырын тарту жұмыстарын жүзеге асырды. Аталмыш жұмыстар аяқталу сатысында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button