Абай облысыБілімҚоғамТОП

Абай облысында кәсіптік және техникалық білім беру мәселелері талқыланды

Абай облысында директорлардың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарларының «Өндірістік оқытудағы заманауи трендтер: тәжірибе, перспективалар» I республикалық форумы өтті. Пленарлық отырыста кәсіптік-техникалық білім берудің өзекті мәселелері жөніндегі баяндамалар тыңдалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Секциялық отырыстар орта кәсіптік оқу орындары болып бөлінді. Олар құрылыс саласының заманауи технологиялық жабдықтары, жаңа IT-технологияларды қолдана отырып инженерлік-техникалық мамандарды даярлаудың негізгі бағыттары, өндірістік оқытудағы заманауи технологиялар, халықаралық тәжірибеге бағытталды.

ТжКБ жүйесі жұмысының негізгі бағыттары, «Мерейлі ұстаз» жобасының тұсаукесері, IT бағыты бойынша бизнес-инкубатордың жұмысын ұйымдастыру тақырыптары талқыланды.

Барлық қатысушылар өндірістік оқыту мазмұны жөніндегі жаңа тәсілдің үздік тәжірибелерін және әдістемелерін бөлісті. WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту арқылы білім беру мекемелерінің өндіріспен байланысын іске асыру және нығайту шарттарын талқылады.​​

Форум соңында болашақта сапалы кәсіптік білім беруде барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы туралы шешім қабылданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button