Абай облысының полицейлері мал ұрысын ұстады

Семейлік полицейлер өзгенің малын ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әуезов АПБ кезекші бөліміне 59 жастағы жүгініп, жеке үйнің сарайынан қошқардың ұрланғаны туралы хабарлаған.
Ұсақ малды ұрлады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жауап алу барысында мойындау айғақтарын берген Приречный ауылының 36 жастағы тұрғыны ұсталды.
Аталған факт ҚР ҚК 188-1-бабы 1-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болуға және малды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияға «102» нөмірі бойынша хабарласыңыздар. Бұл қылмысты ізін суытпай ашып, күдікті адамдарды жедел ұстауға мүмкіндік береді.
Semeynews.kz