Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

Қазан айының әр екінші бейсенбісі Дүниежүзілік көру күні

Бұл күн көру құндылығын және оған қамқорлық жасауды еске салатын, көз денсаулығына назар аударуға, сондай-ақ барлығына сапалы көз күтімінің қолжетімділігінің маңыздылығын атап өтуге арналған.

Көру – ең құнды сезімнің бірі. Өкінішке қарай, біздің денсаулығымызға қауіп төндіретін көптеген факторлар бар. Витаминдердің жетіспеушілігі, компьютерлер мен мобильді құрылғыларды дұрыс пайдаланбау, жасқа байланысты өзгерістер және әртүрлі аурулар көздің көруіне әсер етуі мүмкін.

Бүгінде көптеген медициналық ұйымдар, соның ішінде офтальмологиялық қызмет көрсететін жеке ұйымдар медициналық сақтандыру қорымен келісімшарттарға қол қойды.
МӘМС шеңберінде лазерлік хирургия технологиясын қолдана отырып, катаракта, глаукома және басқа да көз ауруларын жою бойынша күрделі операциялар жүргізіледі.

Айта кетсек, әр адам гигиена мен салауатты өмір салтын сақтай отырып, көзге қамқорлық жасап, үнемі профилактикалық медициналық тексеруден өтуі керек.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button