Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында БАҚ өкілдеріне пресс-тур ұйымдастырылды

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп БАҚ өкілдеріне пресс-тур ұйымдастырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында тегін грант алған кәсіпкерлер туралы таныстырылды.

  • Бүгін біз ұлттық жоба аясында мемлекеттік грант алған кәсіпорындардың бірінде тұрмыз. Аталмыш ұлттық жоба стартап және инновациялық жобалар үшін арналған. Өткен жылы бізге 400-ге жуық өтінім келіп түсті. Комиссия барлық өтінімдерді қарап, 18 жобаны іріктеп алды. Бұл нысан солардың бірі болып табылады. Айта кететін жайт, 2023 жылы гранттар үшін 100 млн теңге бөлінді, – деп атап өтті Ворошилов.

“Intellect Service” ЖШС Қазақстанда аумағында ғана емес, көрші мемлекеттермен де тиімді келісім-шартқа отырған.

  • “Intellect Service” ЖШС компаниясы мемлекеттік қолдау аясында 2 млн теңгені құрайтын грант алып, интерактивті панельдерді құрастырумен айналысады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, біз гранттарды беріп қана қоймай, жобалардың дамуын ары-қарай қадағалаймыз. “Intellect Service” ЖШС 2 млн теңге грант алғаннан кейін жобаны ары-қарай дамыту үшін тағы 14 млн теңге сомасын құрайтын жеңілдітілген несие алды. “Intellect Service” ЖШС өз өнімдерін Екатеринбургтегі көрмеде ұсынып, Ресей аумағында франшизасын ашуға келісімшартқа отырды, – деп бөлісті Рүстем Ворошилов.

“Intellect Service” ЖШС директоры Александр Евдокимов мемлекеттің қолдауының арқасында қарапайым сервистік орталық басқа қырынан жандана түскенін атап өтті.

  • Интерактивті панельге сұраныс артқаннан кейін, өткен жылы интерактивті панельдің сынақ үлгісін құрастырдық. Қазақстанда цифрландыру белсенді қарқынмен дамып келеді. Мектептердегі бор тақталары интерактивті панельдерге ауыстырылып жатыр, сондықтан ұжым үшін бұл жоба қызықты әрі маңызды. Қазіргі уақытта панельдерге сұраныс бар. Кеше біз Шүлбі ГЭС-ке 5 панельді жеткіздік. Сондай-ақ, Астана және Алматыдағы жоғары оқу орындарын панельдермен жабдықтаудамыз, – деді Александр Евдокимов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button