Абай облысыҚоғамТОП

Көкпекті ауданында дін мәселелеріне арналған жиын өтті

Дін мәселелерін зерттеу орталығының білікті мамандары, теологы, психологы мен сарапшылары Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осылайша, Абай өңірінің дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Көкпекті ауданының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында баяндады.

Түсіндіру жұмыстары аясында Көкпекті ауданында барлығы 480 адамды қамтыған 10 кездесу өткізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button