Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысының Бесқарағай ауданында ауылдық клуб ашылды

Бесқарағай ауданының Малая-Владимировка ауылының тұрғындарын көптен аландатып жүрген клуб мәселесі өз шешімін тапты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жаңадан ашылған 50 орындықты мәдени нысанның құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 20 млн теңге қаражат бөлінген. Мердігер компания – «Сүлейменов» ұйымы. Ғимаратта концерт залы, жеке аудитория мен киім ауыстыратын бөлмелер қарастырылған.
– Ауыл ажарын көріктендіре түскен Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Енді мұнда көркемөнерпаздарға, жастардың жақсы бастамаларына қолдау жасалады, – дейді Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов.
Semeynews.kz