Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысында жеке клиникаларға қатысты заңсыз тексерулер жүргізілген

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мониторинг барысында денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жекеменшік клиникалар қызметіне заңсыз тексерулер жүргізу практикасын анықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тексеру және профилактикалық бақылау жөніндегі функциялар Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің құзыретіне жатады.

Осыған қарамастан, басқарма жекеменшік медициналық мекемелерді тексеру мақсатында жұмыс топтарын құрған.

Аумақтық департаменттің араласуынан кейін аталған тексерулер тоқтатылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button