Абай облысыҚоғамТОП

«Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы» жолына қатысты

Әлеуметтік желіде «Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы» облыстық жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысы туралы бейнеролик тарады. Қазіргі таңда бұл жолдағы жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды, оның ішінде жол жабынының бірінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Жақын арада мердігер «Ярус» ЖШС ұйымы 3000 шаршы метр, яғни ұзындығы 500 метр аумаққа жабынның екінші қабатын төсейді. Жөндеу жұмыстары 30 қазанда аяқталады.

Еске салсақ, бұл жол учаскесінде 2022 жылы 21 шақырымдық жол бөлігі жөнделсе, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Анықтама үшін: 2022 жылы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын «Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы» аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жобаға тапсырыс берген «Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, мердігер «АвтоДорСервис» ЖШС ұйымы. Шарт талаптарына сәйкес жұмыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсанына белгіленген.

Абай облысының әкімдігі барша азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button