Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Т. В. Нагендра Прасадпен кездесті

Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі доктор Т. В. Нагендра Прасадпен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында Үндістан мен Қазақстан арасындағы байланыс, оның ішінде Семей қаласындағы үндістандық студенттердің жоғары білімі туралы сөз қозғалды.

“Қазіргі таңда Семей қаласының Медициналық университетінде 500-ден астам үндістандық студент білім алуда. Біздің де студенттер Үндістан еліне үнемі тәжірбие алмасуға барып тұрады”,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 елдің елшілерін қабылдап, “Сенім” грамоталарын тапсырған болатын. Оның ішінде Нагендра Прасад та бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button