Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік қолданысқа берілді

Семей қаласының орталығында қала тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін бүгін белсенді спорт түрлерімен айналысуға және демалуға арналған жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семейдегі Жамақаев көшесі бойындағы саябақ пен аллеяның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

Белсенді және мәдени демалуға арналған аймақтары бар жайлы аллея Шәкәрім даңғылындағы қиылыстан Қайым Мұхамедханов көшесіне дейін төрт ауданға созылуда.

Бұл жер қаладағы ең танымал орындардың бірі. Мұнда бірнеше мыңдаған қала тұрғындары тұрады, сонымен қатар осы ауданда мектептер, гимназия және бірнеше колледждер орналасқан.

«Екі айдың ішінде саябақ аллеясының бүкіл кеңістігі толығымен өзгерді. Біз балалардың демалуына арналған көптеген алаңдарға 4,5 мың шаршы метр төсеніш және 1,5 мың шаршы метр жұмсақ резеңке жабын төседік», – деді «Жанерке» ЖШС өкілі Роллан Есіпбаев.

Оның айтуынша, мердігерлер аллеяны төрт негізгі аймаққа бөлді: музыкалық, ересек, балалалар және спорт. Мұнда белсенді спорттың барлық түрлерімен айналысуға болады.

Жасанды көгалмен футбол алаңын абаттандыру, жарықтандырылған беседкаларды, шағын амфитеатрды орнату жұмыстары жасалды, сондай-ақ аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Белсенді және отбасылық демалыс үшін қаланың сол жағалауындағы жаңа көпір асты кеңістігі және Мәңгілік Ел көшесіндегі «Арбат» үлкен жобасының бірінші бөлігі қала тұрғындары үшін дайындалуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button