ШҚОТОП

ШҚО-да жер кодексінде қандай өзгерістер күтілетінін айтты

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова жер қатынастары саласындағы бірқатар заңнамаларда өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Semey News.

Қазіргі уақытта жер қатынастары саласында шешімді қажет ететін төрт үлкен, ауқымды және күрделі міндеттер бар. «Біріншісі – бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру және ауыл шаруашылық жерлерін шетелдік тұлғаларға беруге тиым салу туралы 2016 жылғы 6 мамырдағы мораторийдің аяқталуына байланысты жер реформасы. Екіншісі – ұзақ мерзімді пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлерін анықтау, алу және қайта бөлу. Ағымдағы жылдың үшінші мақсаты – ауылдық жергілікті мекен тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету. Төртінші – бұл жер қатынастарын цифрландыру. Жер реформасы бойынша Республикалық комиссиямен жер заңнамасы талаптарын жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында  бірқатар актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады», – деп хабарлады В.Барсукова.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық жер учаскелерін жеке меншікке сату және оларды шетелдік тұлғаларға, шетелдік компанияларға және шетелдік қатысулары бар компанияларға беруге тиым салатын мораторий мерзімі аяқталады. Мораторий тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты қолданылатынын атап өту керек.

Басқарма мәліметі бойынша бүгінгі күні облыстың жер қорында ауылшаруашылық жерлерінің жалпы ауданы – 11, 957 млн. га ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер және 9,03 млн. га запастағы жерлер. 98% астам айналымдағы ауыл шаруашылық жерлер қазіргі уақытта жалға берілген.

«Заң жобасында ауыл шаруашылық жерлерінің айналымына кедергілерді жою, осындай жер учаскесін иеліктен шығарудағы шектеулерді алып тастау (жалға алу құқығы иелігінен шығару) қарастырылған. Сондай-ақ ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді алу механизмінің ашық болуы үшін, сонымен қатар жер құқықтық қатынастары субъектілерінің міндеттерін нақтылау және жерді тиімді пайдалану үшін электрондық форматқа көшу ұсынылады. Осыған байланысты, конкурс негізінде 49 жылға жалға беру талаптарын сақтау ұсынылады. Сонымен бірге, алыпсатарлық қаупін, мемлекеттен ауыл шаруашылық жерлерін оны кейіннен сату үшін ғана жалға алатын субъектілердің құқығын жою мақсатында, мәміледен пайда табу мақсатында, жалдау құқығын иеліктен шығаруды бес жылдық мерзім аяқталғаннан кейін белгілеу ұсынылады», – деп толықтырды спикер.

Жайылым жерлеріне тоқталсақ, тұрғындардың жеке аулаларындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, жағдай, ведомства мәліметтері бойынша қазіргі уақытта төмендегідей: «ҚР Жер кодексінің 23-бабына сәйкес, халықтың қажеттіліктеріне арналған және пайдаланымдағы жайылымдық және шабындық жерлер алып жатқан жер учаскелері, соның ішінде облыстық және аудандық маңыздағы қалалардың, кенттердің, ауылдық тұрғылықты мекендердің шекара шегінде орналасқандар жеке меншікке және азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жерді пайдалануына берілмейді. Сонымен қатар, 90-шы жылдары ауыл маңайындағы жерлер аталған ауылда тұрған және жұмыс істеген азаматтардың шартты жер пайлары бойынша берілген».

  • Сол уақытта ауыл тұрғындарында мал басы әлде қайда аз болды және елді мекендердің болашақ дамуын есептеген күннің өзінде, жайылымдар жеткілікті болды. Қазіргі уақытта жайылымдарға деген қажеттілік артты, өйткені халықтың жеке ауласындағы малдардың саны, сол жылдармен салыстырғанда едәуір өсті, – деп  санайды басқарма басшысы.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button